Сыйақы мөлшерлемелері мен тарифтер туралы ақпарат қолданыстағы сыйақы мөлшерлемелері мен тарифтерге өзгерістер енгізу күні туралы мəліметтер, ішкі құжаттың нөмірі мен осы өзгерістерді қабылдаған орган көрсетіліп, жаңартып отыру режимінде болуға тиіс.
Осы тармақшаның талаптары ломбардтар мен кредиттік серіктестіктерге қолданылмайды;
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 1-4) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-4) микроқаржы ұйымының тиісті органының басшы қызметкерлер құрамында болған барлық өзгерістер туралы шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уəкілетті органды жазбаша хабардар етуге;
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) микрокредиттер беру қағидаларының көшірмесін микроқаржы ұйымы қарыз алушысының (өтініш берушісінің) көруі жəне онымен танысуы үшін қолжетімдi жерде, оның ішінде микроқаржы ұйымының интернет-ресурсында, сондай-ақ кредиттік серіктестіктің, ломбардтың интернет-ресурсы бар болса, сонда орналастыруға;
3) өтініш берушіге микрокредитті алуға, оған қызмет көрсетуге және оны өтеуге (қайтаруға) байланысты төлемдер туралы толық және анық ақпарат беруге;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) микрокредит беру туралы шартты жасасқанға дейін өтініш берушіге микрокредитті өтеу әдісімен танысу және оны таңдау үшін түрлі әдістермен есептелген өтеу кестелерінің жобаларын беруге міндетті. Қарыз алушыға микроқаржы ұйымдары жеке тұлғаларға беретін микрокредиттер бойынша тұрақты төлемдерді есептеу әдістемесіне және уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген осындай микрокредиттер бойынша сыйақыны есептеуге арналған уақытша базаларға сәйкес микрокредит беру туралы шартта белгіленген кезектілікпен есептелген микрокредитті өтеу кестелерінің жобалары мынадай өтеу әдістерімен міндетті түрде ұсынылуға тиіс:
сараланған төлемдер әдісі, бұл ретте микрокредит бойынша берешектерді өтеу негізгі борыш бойынша төлемдердің тең сомаларын және негізгі борыштың қалдығы кезеңіне есептелген сыйақыны қамтитын азайтылып отыратын төлемдермен жүзеге асырылады;
аннуитеттік төлемдер әдісі, бұл ретте микрокредит бойынша берешектерді өтеу негізгі борыш бойынша ұлғайтылып отыратын төлемдерді және негізгі борыштың қалдығы кезеңіне есептелген сыйақы бойынша азайтылып отыратын төлемдерді қамтитын микрокредиттің бүкіл мерзімі ішінде тең төлемдермен жүзеге асырылады. Бірінші және соңғы төлем мөлшерлері бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін.
Микроқаржы ұйымы микрокредиттер беру қағидаларына сәйкес есептелген микрокредитті өтеу кестелерінің қосымша жобаларын ұсыныуы мүмкін.
4-1) 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
4-2) талаптарында сақтандыру шартын жасасу көзделген микрокредит бойынша міндеттемені қарыз алушы толық мерзімінен бұрын орындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде микрокредит беру туралы шартта көзделген тəсілмен қарыз алушыны оның осындай сақтандыру шартын бұзуға жəне Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 842-бабы 2-тармағының төртінші бөлігінде көзделген тəртіппен сақтандырудың пайдаланылмаған кезеңі үшін сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін қайтаруға құқығы туралы хабардар етуге;
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) қарыз алушыға (өтініш берушіге) микрокредит алуға байланысты оның құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда ықтимал салдары туралы ақпарат беруге;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды; 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 5-1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-1) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға мәліметтерді хабарлауға;
6) микрокредит беру құпиясын сақтауға;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді
7) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түсімін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес, берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыруға және оларға қарсы провизияларды (резервтерді) құруға міндетті.
Осы тармақшада белгіленген талап ломбардтарға қолданылмайды;
8) уәкілетті орган белгiлеген пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, оларды есептеу әдістемесін сақтауға;
8-1) 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша жаңа редакцияда
9) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржылық жəне өзге де есептілікті ұсынуға;
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
9-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне пруденциялық нормативтердің жəне сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің орындалуы туралы есептілікті ұсынуға;
10) уәкілетті орган анықтаған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жоюға;
11) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 11-1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-1) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда микрокредит беруден бас тартуға;
11-2) 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 11-3) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
11-3) өз қызметін осы Заңның 3-бабының 1-тармағында көрсетілген микроқаржылық қызметтің бір түріне қатысты жүзеге асыратын микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мынадай оқиғалардың бірі:
микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымды уəкілетті органның тізіліміне енгізу;
микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны алу жəне уəкілетті органның тізіліміне енгізілген микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның болуы;
микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға өзінің мүшелігін (қатысуын) тоқтату басталған күннен кейін күнтізбелік тоқсан күннің ішінде кіруге;
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 11-4) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
11-4) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым белгілеген жарналарды төлеуге;
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 11-5) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
11-5) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның сұрау салуы бойынша микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым айқындайтын тəртіппен тексеру жүргізу үшін қажетті барлық ақпаратты ұсынуға;
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 11-6) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
11-6) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарының талаптарын сақтауға;
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 11-7) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
11-7) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде орналасқан жылжымайтын мүлікті қоспағанда, микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарт бойынша кепілге (өзге де қамтамасыз ету) өндіріп алуды қолдану жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындаудың орнына бас тарту төлемін алу нəтижесінде сатып алған мүлікті банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында сауда-саттық жүргізу арқылы өткізуге міндетті.
Микроқаржы ұйымы мыналарды:
өткізу мерзімі Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып айқындалатын жер учаскесін;
микроқаржы ұйымы ғимарат немесе өзге де жылжымайтын мүлік сатып алынған күннен бастап он екі айдан кешіктірмей өзінің үй-жайы ретінде пайдаланудың басталуы шартымен осылайша пайдалануға ниеттенетін көрсетілген ғимаратты немесе өзге де жылжымайтын мүлікті қоспағанда, осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген мүлікті сатып алынған күнінен бастап үш жыл ішінде өткізуге тиіс.
Осы тармақшаның екінші бөлігінің үшінші абзацында белгіленген мерзім сақталмаған жағдайда, микроқаржы ұйымы тиісті ғимаратты немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алған күннен бастап үш жыл ішінде оны банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында сауда-саттық жүргізу арқылы өткізуге міндетті.
Ғимаратты немесе өзге де жылжымайтын мүлікті өзінің үй-жайы ретінде пайдалану тоқтатылған жағдайда, микроқаржы ұйымы көрсетілген ғимаратты немесе өзге де жылжымайтын мүлікті аталған пайдалану тоқтатылған күннен бастап екі жыл ішінде банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында сауда-саттық жүргізу арқылы өткізуге міндетті.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген мүлікті тікелей атаулы сату уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында сауда-саттық өткізу қағидаларында айқындалған жағдайларда жəне тəртіппен банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында жүзеге асырылады.
Осы тармақшада белгіленген талаптар ломбардтарға қолданылмайды;
12) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгiленген өзге де талаптарды сақтауға мiндеттi.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 1-1), 1-2) жəне 1-4) тармақшаларында көзделген жағдайларда микроқаржы ұйымдарының уəкілетті органды хабардар етуі жазбаша не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) сыйақы мөлшерлемелерін (оларды төмендету жағдайларын қоспағанда) және (немесе) микрокредиттi өтеу тәсiлi мен әдісін біржақты тәртіппен өзгертуге;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1) банктік қарыз жəне (немесе) микрокредит бойынша күнтізбелік елу күннен астам мерзімі өткен берешегі бар жеке тұлғаға кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес микрокредит беруге құқылы емес.
Осы тармақшада белгіленген талап жеке тұлғаның кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банк тік қарызын жəне (немесе) микрокредитін өтеу мақсатында сыйақы мөлшерлемесін жəне (немесе) мерзімді төлемдер мөлшерін азайту жағына қарай өзгертуді жəне (немесе) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) азайту жағына қарай өзгертуді немесе толық жоюды көздейтін жақсарту талаптарында берілетін микрокредиттерге, сондай-ақ ломбардтардың міндетті тіркелуге жатпайтын жылжымалы мүлікті кепілге қойып беретін микрокредиттеріне қолданылмайды;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 1-2) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді, бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) (бұр.ред.қара)
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес, сыйақыны және микрокредит беру туралы шарт бойынша микрокредит сомасын қайтару және (немесе) сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоспағанда, 2025 ж. 31 тамыздан бастап төленген төлемдер қайтарылуға жатпайды.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес, сыйақыны және микрокредит беру туралы шарт бойынша микрокредит сомасын қайтару және (немесе) сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоспағанда, 2025 ж. 31 тамыздан бастап есепке жазылған және төленбеген төлемдер есептен шығарылуға жатады.
1-2) микрокредит сомасын қайтару жəне кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредит бойынша сыйақыны төлеу жөніндегі міндеттемені бұзғаны үшін сыйақыны жəне (немесе) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоспағанда, кез келген төлемді белгілеуге жəне қарыз алушыдан (өтініш берушіден) алуға;
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 1-3) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-3) кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты микрокредит бойынша сыйақыны жəне тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоспағанда, кез келген төлемді белгілеуге жəне қарыз алушыдан (өтініш берушіден) алуға;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) жеке тұлға болып табылатын, микроқаржы ұйымына микрокредит сомасын мерзімінен бұрын толық немесе ішінара қайтарған қарыз алушыдан микрокредитті мерзімінен бұрын қайтарғаны үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) және басқа да төлемдерді талап етуге;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) кепілге салынған заттарды пайдалануға және оларға билік етуге;
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен тіркелмеген тауар белгісін (тауар белгілерін) пайдалануға;
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды; 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) қарыз алушы - жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредиті бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы сомалары бойынша төлемдердің кез келгенін өтеу жөніндегі міндеттемені орындаудың мерзімін өткізіп алудың қатарынан күнтізбелік тоқсан күні өткен соң есепке жатқызылған сыйақыны, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) төлеуді талап етуге құқылы емес.
Осы тармақшаның талабы микрокредит беру туралы шартқа, егер оны жасасу күні негізгі борыш сомасы тіркеуге жататын мүлік кепілімен және (немесе) ақша кепілімен толық қамтамасыз етілген болса, қолданылмайды;
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды; 2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді
5) қарыз алушы - жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген микрокредиті бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы сомалары бойынша төлемдердің кез келгенін өтеу жөніндегі міндеттемені орындаудың мерзімін өткізіп алудың қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күні өткен соң есепке жазылған сыйақыны, сондай-ақ тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) төлеуді талап етуге;
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
6) микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушыдан борыш сомасын өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларымен ынтымақтастықты көздейтін шарттарды жасасуға, сондай-ақ «Жауапкершілігі шектеулі жəне қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 2-тармағына жəне (немесе) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабының 1-тармағына сəйкес микроқаржы ұйымының үлестес тұлғасы болып табылатын жеке сот орындаушысымен атқарушылық құжатты орындау шарттары туралы келісім (шарт) жасасуға;
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
7) «Жауапкершілігі шектеулі жəне қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 2-тармағына жəне (немесе) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабының 1-тармағына сəйкес микроқаржы ұйымының үлестес тұлғасы болып табылатын нотариусқа нотариаттық əрекеттер жасау үшін жүгінуге;
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
8) жеке тұлғамен жасалған микрокредит беру туралы шарттың қолданылу мерзімін оның келісімінсіз жəне микрокредит беру туралы шарттың талаптарын сақтауды не жақсартуды қамтамасыз етпейтін талаптармен ұлғайтуға құқылы емес.
8-бап. Өтініш берушінің құқықтары мен мiндеттерi
1) микрокредиттер беру қағидаларымен, микроқаржы ұйымының микрокредиттер беру тарифтерімен танысуға;
2) микрокредитті алуға, оған қызмет көрсетуге және оны өтеуге (қайтаруға) байланысты төлемдер туралы толық және анық ақпарат алуға;
3) микрокредит беру туралы шарт жасасудан бас тартуға құқылы.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Өтініш беруші микроқаржы ұйымына микрокредит беру туралы шарт және қарыз алушының міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ететін шарттар жасасу үшін қажетті, микрокредит алуға қажетті құжаттардың тізбесінде, сондай-ақ микрокредит беру туралы шарт бойынша кредиттік дерекнаманы жүргізу тәртібінде айқындалған құжаттар мен мәліметтерді ұсынады.
3. Өтініш берушінің осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген өзге де құқықтары мен мiндеттерi бар.
9-бап. Қарыз алушының құқықтары мен мiндеттерi
1) микрокредиттер беру қағидаларымен, микроқаржы ұйымының микрокредиттер беру тарифтерімен танысуға;
2) алған микрокредитке микрокредит беру туралы шартта белгіленген тәртіппен және талаптармен билік етуге;
3) өз құқықтарын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қорғауға;
4) микрокредит беру туралы шарт бойынша берілген микрокредит сомасын микроқаржы ұйымына мерзімінен бұрын толық немесе ішінара қайтаруға;
4-1) 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 21 желтоқсаннан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және микрокредит беру туралы шартта белгіленген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
1) микрокредит беру туралы шартта белгiленген мерзiмдерде және тәртiппен алынған микрокредиттi қайтаруға және ол бойынша сыйақыны төлеуге;
2) микроқаржы ұйымы осы Заңға сәйкес сұрататын құжаттар мен мәлiметтердi беруге;
3) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында және микроқаржы ұйымымен жасалған шарттарда белгіленген өзге де талаптарды орындауға мiндеттi.
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды; 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 9-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-1-бап. Микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру тəртібі
1 - 3. 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Мынадай талаптардың бірі сақталған кезде:
құқықтарды (талап етулерді) сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген осындай ұйым қызметі түрлерінің бірі болып табылғанда;
құқықтарды (талап етулерді) сатып алу жеке тұлғаларды қолдау жөніндегі мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар немесе мемлекеттік органдардың құқықтық актілері шеңберінде жүзеге асырылғанда, құқықты (талап етуді) жарғылық капиталдарына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі ұйымдарға беруді қоспағанда, микроқаржы ұйымының жеке тұлғамен жасасылған және тұрғынжай түріндегі кепілмен қамтамасыз етілген микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) басқаға беруді жүргізуіне тыйым салынады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді; 2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Микроқаржы ұйымының құқықтарды (талаптарды) мынадай тұлғаларға:
екінші деңгейдегі банкке;
коллекторлық агенттікке;
микроқаржылық қызметтің осыған ұқсас түрін жүзеге асыратын микроқаржы ұйымына;
секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясына;
микроқаржы ұйымы қамтамасыз етілген облигацияларды шығарған немесе қарыз алған кезде микрокредит беру туралы шарт бойынша талап ету құқықтарын кепіл ұстаушы - заңды тұлғаға;
қаражатты микроқаржы ұйымдарында шартты түрде орналастыру арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру жөніндегі мәміле шеңберінде жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша - жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорына;
қарыз алушы - жеке тұлғаға кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты микрокредит беру туралы шарт бойынша, қарыз алушы - заңды тұлғаға микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарға (талаптарға) қатысты, егер көрсетілген микрокредиттер бойынша басқаға беру күніне халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сəйкес құнсыздану белгілері болса, өзге тұлғаға беруді қоспағанда, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) үшінші тұлғаға беруді жүргізуіне тыйым салынады.
осы тармақтың бірінші бөлігінің сегізінші абзацында аталған тұлға микрокредит беру туралы шарт бойынша алынған құқықтарды (талаптарды) мынадай жағдайлардың бірінде:
құқықтар (талаптар) жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты микрокредит беру туралы шарты бойынша алынғанда;
құқықтар (талаптар) берешегінің мөлшері басқаға беру күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 16 500 еселенген мөлшерінен аспайтын заңды тұлғаның микрокредит беру туралы шарты бойынша алынғанда;
егер өзіне микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлға Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылса, сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына береді.
Микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) мынадай шарттар бір мезгілде орындалған кезде:
1) коллекторлық агенттік жарғылық капиталының, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымы бас ұйымының меншік капиталының мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген ең аз мәннен төмен емес мәнді құрағанда;
2) қызметті:
банкке немесе банк холдингіне банктің бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын еншілес ұйым құруына рұқсат берілген;